Блогер Жанәбіловтерден тәркіленген 8 көлік сатылымға шықты

Көліктердің әрқайсы 8 миллион 395 мың теңгеге бағаланған. Көліктердің сипаттамасында олардың екі кілті мен техникалық төлқұжаты бар екені жазылған. Оған қоса жүксалғышта қосалқы дөңгелек пен стандартты құралдар жиынтығы жоқ. Көліктердің техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес дейді.

Мексика плей-оффқа шықты

Мексика плей-оффқа шықты. Осылайша олар әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды. Олар А тобының екінші турында Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді. Дәл осы мүмкіндік плей-оффқа өтуге жол ашты.

Қарияға қолдау көрсетілді

Қазіргі таңда тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта Сарыағаш қаласындағы «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зейнеткер ардагерлер құқықтық кеңес алып, әлеуметтік қолдау тетіктерімен танысып, психологиялық көмек пен жұмыспен қамту мәселелері бойынша мамандардан тегін кеңес ала алады.

Өзбекстан құрамасы енді Португалиямен кездеседі

Дүбірлі додаға алғаш рет қатысып отырған өзбекстандық футболшылар бірінші ойында Оңтүстік Американың тәжірибелі құрамасына жолықты. Соған қарамастан олар бұл кездесуде ұпай олжалауға бар күшін салды. Десе де ойын басынан Колумбия құрамасы тізгінді өз қолына ұстауға тырысты. Толассыз шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған өзбекстандық қорғаушылар лайықты тойтарыс беріп жатты.

Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесі Кувейттің қызығушылығын тудырды

Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Ақпараттық технологиялар жөніндегі орталық агенттігінің (CAIT) Бас директорының міндетін атқарушы Наджат Хусейн Ибрахиммен кездесті.

Суши кафесінен 65 адам уланып қалды

Оқиға Алматы облысы Боралдай ауылы Sushi Time деп аталатын қарапайым фаст-фуд мейрамханасында болған. Тұтынушылар өзін жайсыз сезінетінін айтып, ауруханаға жүгінген. Олар мейрамханадан пицца, суши және басқа да тағамдарды жегенін айтқан. Тұтынушылардың көпшілігі роллы мен пицца комбосына тапсырыс берген екен. Сосын жүрегі айнып, іші ауырып, құса бастаған.