Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады.

Түркістан облысында жаңа жол бойындағы сервис кешендері іске қосылуда

Қазақстанда заманауи көлік және жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысының көлік желісін жаңғырту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту туралы тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жол бойындағы сервис объектілерін салу мен жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асыруда. Бұл жұмысқа транзиттік әлеуеті жоғары өңірлерге ерекше назар аударылуда. Олардың қатарында Түркістан облысы да бар.

Шұқырсайдың шұрайлы өнімі

Сырлы Келес өңірінде инфрақұрылыммен қатар ауыл шаруашылық саласы да қарқынды дамып келеді. Әсіресе, егін шаруашылығына басымдық берілген аймақта шаруалар заманауи агротехнологияларды тиімді пайдаланып, мол өнім алуға қол жеткізуде. Біртілек ауылдық округіне қарасты Шұқырсай елді мекенінде көкөніс дақылдарын өсіру жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Буллингке жол жоқ

Сарыағаш ауданы Прокуратурасының ұйымдастыруымен Қабланбек ауылдық округі, Балдәурен сауықтыру орталығында «Буллингсіз өмір – жарқын болашақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға балалар мен тәлімгерлердің қатысып, мамандар буллингтің қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әрбір баланың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Павлодарда өз баласын азаптап өлтірген әкеге ауыр жаза тағайындалды

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған баланы азаптау және өлтіру айыбы тағылған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны айыпты деп тауып, өмір бойына соттады.

«Бұл – 35 жылдық еңбектің нәтижесі»: Головкин тарихи жетістігі туралы жазба жариялады

Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанғаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жетістіктің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтты.

Эбола безгегі бүкіл дүниежүзіне таралуы мүмкін

Эбола індетінің алғашқы белгілері басқа ауруларға ұқсас. Ал қара құрлыққа туристер көп барады. Бұл қауіпті вирустың дүниенің бір бұрышынан екінші бұрышына тез таралу қаупін арттырады, дейді дәрігерлер. Қазір Конгода инфекцияның Бундибуджио деп аталатын штамы өршіп тұр.