Суши кафесінен 65 адам уланып қалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға Алматы облысы Боралдай ауылы Sushi Time деп аталатын қарапайым фаст-фуд мейрамханасында болған. Тұтынушылар өзін жайсыз сезінетінін айтып, ауруханаға жүгінген. Олар мейрамханадан пицца, суши және басқа да тағамдарды жегенін айтқан. Тұтынушылардың көпшілігі роллы мен пицца комбосына тапсырыс берген екен. Сосын жүрегі айнып, іші ауырып, құса бастаған.

Қазір өңірдегі үш ауруханада 36 науқас емделді. Жағдайы тұрақты. 29 адам амбулаториялық емге жіберілді. Мекеменің өзі уақытша жабылды. Иесі фаст-фуд индустриясында 6 жыл жұмыс істеп келе жатыр екен. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр дейді.

Санитарлық дәрігерлер кафені тексерген. Олар зертханалық тексеру үшін шикізат пен өнімдердің сынамаларын алғған. Қорытындысы енді шығады.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp