
Көліктердің әрқайсы 8 миллион 395 мың теңгеге бағаланған. Көліктердің сипаттамасында олардың екі кілті мен техникалық төлқұжаты бар екені жазылған. Оған қоса жүксалғышта қосалқы дөңгелек пен стандартты құралдар жиынтығы жоқ. Көліктердің техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес дейді.
Сауда-саттыққа: құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар, Президент қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Парламент депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мекемелер ғана қатыса алады.
Сондықтан жеке тұлғалар бұл аукционға қатыса алмайды екен.
Дереккөз: t.me/stankznews


