Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты

Қайғылы оқиға 15 маусымда болған. Қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.

Жүзімдіктегі жаңа нысан

Келес ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келуде. Соның айқын дәлелі – Жүзімдік ауылдық округінде бой көтерген жаңа Мәдениет үйінің ел игілігіне берілуі. Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа нысанның лентасын қиды. Мәдениет ошағының ашылу салтанаты туралы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Алаяқтарға шоттарын берген екі астаналық дроппер ұсталды

Астанада 78 жастағы тұрғын телефон алаяқтарының құрбаны болды. Өзін мемлекеттік орган мен банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар зейнеткерді «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару керек» деп сендірген. Соның салдарынан ол барлық жинағын аударып, тіпті алтын әшекейлерін сатып, түскен қаржыны да алаяқтар көрсеткен есепшоттарға жіберген.

Қазақстан “Ираннан жалға алған портқа соққы жасалды” деген ақпаратты растамады

АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары туралы хабарлардан кейін кейбір БАҚ беттерінде «АҚШ Қазақстан бір күн бұрын жалға алған портты бомбалады» деген ақпарат тарады. Алайда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол жерде нысаналы әуе соққылары жасалды, алайда біздің жер теліміне ешқандай әуе соққысы тиген жоқ. […]