Қазақстан “Ираннан жалға алған портқа соққы жасалды” деген ақпаратты растамады

Фото: Видеодан скрин жасалды

АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары туралы хабарлардан кейін кейбір БАҚ беттерінде «АҚШ Қазақстан бір күн бұрын жалға алған портты бомбалады» деген ақпарат тарады.

Алайда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол жерде нысаналы әуе соққылары жасалды, алайда біздің жер теліміне ешқандай әуе соққысы тиген жоқ. Сондай-ақ Қазақстан бұл жерді жақында ғана алғанын атап өткіміз келеді. Қазір аталған аумақта ешқандай инфрақұрылым нысандары жоқ», – деді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

Дереккөз: stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар