Сарыағашта тазалық бақылауы жалғасуда

«Таза Қазақстан» аясында Сарыағаш қаласының тазалығы мен абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Осы мақсатта өздеріңізге белгілі Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасының бастауымен уақытша комиссия тобы құрылып, қаланың негізгі көшелерін аралап, тазалық жұмыстары бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келуде. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – халықты тұрақты түрде тазалық мәдениетіне шақырып, таза қаланы бірлесе отырып қалыптастыру. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Медициналық ашықтық

Келес ауданының орталық ауруханасында Жаңа Конституция аясында медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мекеме басшылығы, дәрігерлер, мейірбикелер мен заңгерлер қатысып, комплаенс қызметінің маңызы мен адалдық қағидаттарын талқылады. Басқосу барысында заң талаптарын сақтай отырып тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды.

Бангкокта пабтағы өрттен 27 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды

Өрт жексенбі күні түнде Чатучак ауданындағы ойын-сауық мекемесінде шыққан. Куәгерлердің айтуынша, өрт басталғаннан кейін ғимаратты қою түтін тез арада басып қалған. Көптеген келуші дәретханалар орналасқан артқы бөлікке қарай жүгіргенімен, ол жерде эвакуациялық шығу жолы болмаған.

Бүгін ветеринария саласы қызметкерлерінің күні

Сіздерді Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай жетістіктер тілейміз!