
Қайғылы оқиға 15 маусымда болған. Қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлімдеді.
Дереккөз: t.me/stankznews


