Жамбыл облысында ер адам әйеліне телефон соққаны үшін 10 тәулікке қамалды

2026 жылдың маусымында әйел полицияға қоңырау шалып, оның заңды жұбайы тұрғылықты жеріне келіп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, осылайша тыныштығын бұзғанын айтқан. Өз әрекеттерімен ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларынан кейін сол айда берілген қорғау нұсқамасын бұзған.
Бензинді заңсыз алып шығатындардың жолын кесу үшін шекараға 60-қа жуық полиция бекеті орнатылды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері отынды ел аумағынан заңсыз тасымалдаудың 255 фактісі тіркелген. Тәртіп бұзушылар бұл үшін көліктерін арнайы қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатып алған.
Трамп НАТО-дағы одақтастарына қатысты ұстанымын жұмсартты

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Анкарадағы саммитінен кейін альянстағы одақтастарына қатысты ұстанымын жұмсартып, жиынның нәтижесін жоғары бағалады.
Өнер керуені жалғасуда

Сарыағаш қаласының орталық саябағында ұлттық мәдениет пен ауылға деген сүйіспеншілікті дәріптеген тағылымды кеш өтті. «Ауылым – алтын бесігім» атты дәстүрлі концерттік бағдарламаның шымылдығын алғаш болып Ақниет ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары ашып, көрерменге әсерлі өнерлерін тарту етті. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Ормуз бұғазы маңында кемелерге шабуыл жасалғаннан кейін мұнай бағасы көтерілді

Әлемдік мұнай бағасы 2,5 пайызға өсті. Оған Ормуз бұғазында шикізат тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуыл туралы ақпарат себеп болды. Брент маркалы мұнай фьючерстері баррелі 74 долларға жуықтады. Ал америкалық WTI айдың бағасы 70 доллардан асты.
Трамп Түркияға салынған санкцияларды алып тастайды

F35 жойғыш ұшақтарын осы елге сату мәселесі бойынша шешім қабылдайды. НАТО саммиті аясында Ердоғанмен кездескен АҚШ Президенті осылай деді.
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

Талғат Алдыбергеновты қызметінен босату туралы шешімді компанияның акционері – «Самұрық-Қазына» қоры қабылдады. Ал қордың жалғыз акционері – Үкімет.
181 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында TezJet ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың артқы шассиі ұшу кезінде істен шығып, ұшақ сол қанатына еңкейіп, ұшу-қону жолағына құлап түскен.
Қытай–Қазақстан логистикалық базасы құрылғалы 8 мыңнан астам пойыз қабылдады

Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портындағы Қытай–Қазақстан логистикалық базасы 2014 жылдан бері 8 мыңнан астам жүк пойызына қызмет көрсетті, деп хабарлайды Синьхуа. Дүйсенбі күні автокөлік бөлшектері тиелген халықаралық жүк пойызы Қытай–Қазақстан логистикалық базасынан Өзбекстандағы Аблық теміржол стансасына жолға шықты. Бұл рейс аталған база іске қосылғаннан бергі 8 мыңыншы жүк пойызы болды. Нанкин кеденінің мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықтың […]
АҚШ Қазақстан терминалы салынып жатқан Бендер-Аббас портына соққы жасады

АҚШ пен Иран арасындағы нәзік бітім бұзылды. Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан үш коммерциялық кемеге жасалған шабуылдан кейін АҚШ әскері Ирандағы бірқатар нысанға, соның ішінде Қазақстан өз терминалын салып жатқан Бендер-Аббас портына қайтадан әуе соққыларын жасады.