Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.
Аргентина құрамасының жеңілісі Буэнос-Айрестегі тәртіпсіздіктерге ұласты

Аргентина астанасындағы футбол салтанаттарының дәстүрлі орны — Буэнос-Айрес орталығындағы Обелискке мыңдаған жанкүйер финалдық матчты көру үшін жиналды.
Бассейнге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Бұл жағдай Астанада болған PrimeVill демалыс кешенінде болған. 24 жастағы жігіт бассейнде жүзіп жүргенде есінен танып, суға бата бастаған. Сол жерде демалып жүрген басқа адамдар оған алғашқы көмек көрсеткен.
Орысша сөйлегені үшін ресейлік әйелдің мұрнын сындырған ер адам ұсталды

Оқиға Грузияның Телави қаласындағы қонақүйде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелдің орысша сөйлегенін естігеннен кейін жанжал бастаған. Ал полицияның мәліметінше, жанжал үйлену тойы кезінде шыққан.
“Қазақстан темір жолы” басшысы болып Елжас Отыншиев тағайындалды

Елжас Отыншиев1982 жылы Қостанайда дүниеге келген. Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.
Павлодар облысында кәріз құдығына түскен алты адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Павлодар облысының Жоламан ауылындағы сүт фермасының аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған. Оқиға орнында дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдардың қайтыс болғанын анықтады. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.
Ауыл өнері қала төрінде

Мәдениет майталмандарының «Ауылым – алтын бесігім» атты іс-шарасы жалғасып келуде. Кезекті концерттік бағдарлама ұсынған Ақ үй ауылдық клубының талантты жастары әуезді әндерімен қала және аудан тұрғындарына керемет әсер сыйлады. Сонымен қатар, демалушыларға қуаныш сыйлап, жылы әсер қалдыру мақсатымен Сарыағаш аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері балмұздақ үлестіріп шықты. Ерекше атмосферада өткен шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бейбіт отбасының бастауы

17–19 шілде аралығында Сарыағаш аудандық Полиция басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның негізгі міндеті – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту.
Аптап ыстыққа қарсы жұмыстар

Сарыағаш қаласында аптап ыстыққа қарсы қаланы салқындату шаралары жүргізілді. Арнайы техникалар арқылы негізгі көше бойымен жолдарға су шашып, тұғындар шат-шадыман көңіл-күйге бөледі. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.
Эболадан көз жұмғандар саны 750-ден асты

Конго Демократиялық Республикасында эбола безгегінен көз жұмғандар саны 754-ке жетті. Екі мың адам індет жұқтырған. Биліктің хабарлауынша, кейінгі бес аптада құрбандар қатары үш есе артты.