Алматы облысында жаңа туған үшем шетінеп кетті

Отбасы дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде қателік жіберген болуы мүмкін дейді. Оған қоса нәрестелердің өлімі туралы бірнеше сағаттан кейін ғана білген. Енді туыстары перзентхананы тексеруді талап етіп отыр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды

Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті

Егер АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына шабуылды үдететін болса, Иран Қызыл теңізді де бақылауға алуды көздеп отыр.
Өзбекстанның бірнеше аймағында аптап ыстықтан балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды

Қазір көрші елде термометр бағанасы 45 градустан төмен түспей тұр. Қалааралық пойыздардың да жылдамдығы азайтылды. Себебі өрт шығу қаупі жоғары.
2028 жылға дейін үш жаңа маркадағы автомобильдер өндірісі іске қосылады

Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Үкіметте автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралуда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында отандық автокөлік жасау саласының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары қаралды.
Атырау – Ақтөбе пойызында билетсіз жолаушы көз жұмды

Көліктегі полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, оқиға 13 шілдеде Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде орын алған. Тексеру барысында марқұмның пойызда билетсіз жол жүріп бара жатқаны анықталды.
Қазақстандықтар өкпе обырын ерте анықтауға арналған скринингтен өтеді

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг бағдарламасы іске қосылады. Денсаулық сақтау министрлігі оған қатысатын азаматтардың санатын бекітті. Скринингке 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жасқа толған ерлер мен әйелдер жіберіледі.
Кувейт Иран тарапынан тағы дрон шабуылы жасалғанын хабарлады

Кувейттің әуе қорғаныс жүйесі Ираннан ұшырылған ұшу аппараттарының шабуылына тағы да тойтарыс берді. Кувейт Қарулы Күштерінің Бас штабы әуе қорғаныс жүйелерінің Ираннан елге бағытталған дрондарға жауап бергенін хабарлады.
Қазақстандық әнші «Славян базарында» бірінші орын алды

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Витебск қаласындағы «Славян базарында» өткен XXXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылары байқауында бірінші орын алды. Қазылар алқасы екі күннің қорытындысы бойынша оның өнеріне 134 ұпай берді.