Орысша сөйлегені үшін ресейлік әйелдің мұрнын сындырған ер адам ұсталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға Грузияның Телави қаласындағы қонақүйде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелдің орысша сөйлегенін естігеннен кейін жанжал бастаған. Ал полицияның мәліметінше, жанжал үйлену тойы кезінде шыққан.

Sputnik Georgia мәліметінше, ұсталған азамат үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Құрбыларыммен бірге қонақүйдің балконында шампан аштық. Сол кезде сусын төменге шашырап төгілген. Төмендегі ер адамдардың бірі қыздардың орыс тілінде сөйлейтінін естіп, бөлмеге көтеріліп, құрбымды соққыға жықты”, – дейді куәгер.

Қатты соққы салдарынан әйелдің мұрны сынған.

Ал Грузия Ішкі істер министрлігі оқиғаның басқа нұсқасын ұсынды. Ведомствоның мәліметінше, қыздар қонақүй маңында өтіп жатқан той қонақтарын балағаттап, музыкалық аппаратураға су шашқан. Осыдан кейін тойға қатысушылардың бірі олардың қонақүйдегі бөлмесіне көтеріліп, төбелес шыққан.

Қазір күдікті ұсталды. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар