Эболадан көз жұмғандар саны 750-ден асты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Конго Демократиялық Республикасында эбола безгегінен көз жұмғандар саны 754-ке жетті. Екі мың адам індет жұқтырған.  Биліктің хабарлауынша, кейінгі бес аптада құрбандар қатары үш есе артты.

Дәрігерлер вирустың тез тарап жатқанын айтады. Індет жаңа провинцияларға жайылып жатыр. Әсіресе Итури мен Солтүстік Киву аймақтарында Эболаның таралу қарқыны өте жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруға шалдыққандардың саны билік таратқан мәліметтен төрт есе артық болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/780433-eboladan-koz-zumgandar-sany-750-den-asty

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар