
Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Витебск қаласындағы «Славян базарында» өткен XXXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылары байқауында бірінші орын алды. Қазылар алқасы екі күннің қорытындысы бойынша оның өнеріне 134 ұпай берді.
«Славян базары» байқауының сахнасына алғаш рет 15 жасымда шықтым. Бұл ұзақ сапар болды. Бірінші орын алғаныма және елге жеңіспен оралатыныма өте қуаныштымын, — деді Ақерке Амалят.
Қазақ әншісі Гран-при иегері, 135 ұпай жинаған италиялық Сораядан бір ұпай ғана артта қалды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


