Қазақстандықтар өкпе обырын ерте анықтауға арналған скринингтен өтеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг бағдарламасы іске қосылады. Денсаулық сақтау министрлігі оған қатысатын азаматтардың санатын бекітті.  Скринингке 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жасқа толған ерлер мен әйелдер жіберіледі.

Олар мына талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • бронх пен өкпенің қатерлі ісігі бойынша диспансерлік есепте тұрмауы;
  • темекі шегетіндер және темекіні тастағанына 15 жылдан аспаған болуы;
  • соңғы 10 жыл ішінде денсаулыққа зиянды өндіріс орындарында жұмыс істеген болуы керек.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар