
Қазір көрші елде термометр бағанасы 45 градустан төмен түспей тұр. Қалааралық пойыздардың да жылдамдығы азайтылды. Себебі өрт шығу қаупі жоғары.
Дүниежүзілік банк келтірген деректерге сүйенсек, 2050 жылы Орталық Азия мен Еуропаның кейбір мемлекеттерінде ыстық күндердің саны 70-ке дейін ұзарып, температура 50 градустан төмендемейді. Бұл адам өміріне қауіп төндіріп, өлім- жітімді көбейтуі мүмкін. Биыл Өзбекстанда 100 жылда тіркелмеген аптап ыстық тұрғындардың мазасын алды.
Узгидромет орталығының мамандары ауа райының жылдан жылға өзгеріп келе жатқанын бақылап отыр. Ыстық климат адамдардың тұрмыс- тіршілігіне кері әсерін тигізіп, экономикаға қосымша салмақ салады.
Дереккөз: 24kz


