Оқушылар жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллектіні меңгереді

1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5-11-сыныптардағы «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертілді. Пәндердің мазмұнына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер енгізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы сөздерінің жинағы жарық көрді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздерінің жинағы жарыққа шықты. Бұл туралы Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев әлеуметтік желіде жаряилады.
АҚШ-тың стратегиялық зымыран қоры сарқылуға таяды – БАҚ

АҚШ әскері Иранмен соғыс салдарынан жоғары дәлдіктегі ATACMS және PrSM жерүсті зымырандарының басым бөлігін пайдаланды. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рақымшылық: түрмеден шыққан 620 адам әкімшілік қадағалауда болады

Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған. Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев айтты.
Еуропадағы алапат өрттер 3 млрд еуродан астам шығын әкелді

Франция, Испания, Португалия, Грекия және Румыния елдері орман өрттері мен аптап ыстық салдарынан 3,1 млрд еуро шығынға батты. Бұл көрсеткіш Еуропалық комиссия жариялаған орташа жылдық бағалаудан әлдеқайда жоғары. Бұл туралы Financial Times жазды.
Қытайда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.
Орман өртінің алдын алуға 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ 2024 жылдан бері мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін арнайы техникамен қамтамасыз етуге 33,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Әлеуметтік желідегі мәлімдеме үшін қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 66 жастағы тұрғынның бейнежазбасы анықталды. Оның видеосында діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар.
Астанада әйгілі PSG Academy футбол академиясы ашылады

Қыркүйек айында Астанада Францияның әйгілі «Пари Сен-Жермен» клубының ресми академиясы – PSG Academy Kazakhstan футбол академиясы ашылады. Осылайша Қазақстан PSG Academy халықаралық желісіне қосылған 24-ші ел атанды.
Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жалғастырып келеді. Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.