Рақымшылық: түрмеден шыққан 620 адам әкімшілік қадағалауда болады

Фото: ЖИ

Бүгінгі таңда соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның ішінде 4400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған. Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев айтты.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Кейін олар әкімшілік қадағалауда болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат та жазасын өтеуден босатылды. Сондай-ақ 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар