Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: ҚР Мәдениет министрлігі

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары реставрация жұмыстарын жалғастырып келеді. Қазір кесененің күмбездері қыш кірпішпен қапталып жатыр. Кірпіш қаптау жұмыстары аяқталғаннан кейін су өтпеуі үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігінде қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, қайта сыланды. Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, есіктер мен терезелер қалпына келтірілгеннен кейін қайта орнатылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін жаңғыртып, оның ұзақ уақыт сақталуына негіз болады.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар