Қытай АҚШ-тың шектеулеріне жауап ретінде жаңа шаралар қабылдады

Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ-тың 43 қытайлық компанияға санкция салуы және Қытайда өндірілген жаңа дрондар, роботтар мен инверторларды импорттауға шектеу енгізуіне жауап ретінде бірқатар шара қабылдады. Ведомство әзірге қабылданған қадамдардың «ұстамды сипатта» екенін мәлімдеді. Қытай жеті америкалық ұйымды қара тізімге енгізіп, олармен сауда жасауға және кез келген ынтымақтастыққа тыйым салды. Сонымен қатар АҚШ-қа дрондар, олардың негізгі […]

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы майлы дақылдарды қаржыландыру көлемін 2,6 есеге арттырды

Фермерлер егіс құрылымын әртараптандыруды күшейтіп, қосылған құны жоғары дақылдарды өсіруге басымдық беруде. Бұл үрдісті «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» форвардтық сатып алу бағдарламасының нәтижелері де растап отыр. Өткен аграрлық маусыммен салыстырғанда майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге – 36 мың тоннадан 95 мың тоннаға дейін ұлғайды.

АҚШ-та Трамптың гольф клубының маңында қарулы ер адам ұсталды

АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелестің оңтүстігіндегі Ранчо-Палос-Вердес қаласында орналасқан өзіне тиесілі гольф алаңында қайырымдылық кешіне қатысуы тиіс болған. Алайда шараға екі күн қалғанда сол аумақта қарулы ер адам ұсталды.

Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерінен 1,4 млрд еуроны Украинаға береді

Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украинаның аумағына жасаған соққыларды айыптап, Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыс есебінен Украинаға 1,4 млрд еуро бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда туристердің саны ұялы телефон сигналы арқылы есептеледі

Қазақстанда туристер санын анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Енді Ұлттық статистика бюросы мобильді операторлардың деректерін пайдаланып, адамдардың қай өңірге барғанын және қанша күн болғанын есептейді. Бұл үшін адамның аты-жөні немесе телефон нөмірі қолданылмайды, тек иесіздендірілген мәліметтер пайдаланылады.