Қарияларға құрмет көрсетілді

«Қарты бардың – қазынасы бар» делінгендей жыл сайын елімізде Халықаралық қарттар күні мерекесі өтіп келеді. Айтулы мерекеге орай, Сарыағаш ауданы Жібек жол ауылдық округінде іс-шара ұйымдастырылды. Басты мақсат – көпті көрген қариялардың ақылы мен өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, олардың қоғам дамуына қосқан елеулі еңбектерін бағалап, лайықты құрмет көрсету.
«Жусан» операциясы: Елге оралғандардың басым бөлігі радикалды көзқарастан бас тартты

«Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы аясында оралған азаматтардың басым бөлігі радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінен мәлім етті.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Минскіге ресми сапармен барды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласына (Беларусь Республикасы) ресми сапармен барды. Ресми сапар аясында Қазақстан Премьер-министрін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады. Олжас Бектенов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен шынайы лебіздерін жеткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Беларусь арасында ұзақ жылдарға ұласқан достыққа, өзара құрмет пен жоғары деңгейдегі сенімге негізделген берік қарым-қатынастар қалыптасқаны атап өтілді. Екі мемлекет басшылары арасындағы сенімге негізделген байланыстар мен тұрақты сындарлы диалог екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды негізі екені атап көрсетілді.
Роналду Португалия құрамасынан кету туралы шешім қабылдады

Криштиану Роналду Португалия құрамасының сапынан кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы португалиялық футболшы Instagram парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады.
Трамп Қытаймен ЖИ-ді бірлесіп әзірлеуден бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық технологиялық компаниялардың басшыларымен кездесуде АҚШ пен Қытайдың жасанды интеллектіні бірлесіп әзірлеу үшін ортақ компания құрмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай ынтымақтастық америкалық технологияларды Қытаймен бөлісуге әкелуі мүмкін.
Жаңадан жазылып жатқан Қазақстан тарихында не өзгереді? – Еркін Әбіл түсіндірді

Қазақстан тарихының жеті томдық жаңа академиялық басылымына дәлелденбеген және ғылыми негізі жоқ даулы тұжырымдар енгізілмейді. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, тарихшы Еркін Әбіл айтты.
АҚШ әскері 23 жылдан кейін Ирактан толық шығарылды

30 қыркүйекте америкалық әскердің соңғы бөлімдері Ирактан, соның ішінде Эрбиль қаласындағы базадан кетті. Осылайша АҚШ бастаған халықаралық коалицияның елдегі әскери миссиясы аяқталды.
380 млрд теңге: Қостанай облысында ең ірі жел электр стансасы салынады

Жобаға шамамен 380 млрд теңге инвестиция салынады. Сонымен қатар қуаты 300 МВт электр энергиясын жинақтау жүйесі қарастырылған.
Ақ халатты ардагерлерге ізет

1 қазан — Халықаралық қарттар күні аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, ізгі тілек білдіретін ерекше мереке. Мерекеге орай, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында зейнеттегі медицина қызметкерлерінің құрметіне арнайы басқосу өтті. Жиын барысында ардагерлерге ізет көрсетіліп, олардың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі атап өтілді. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.