
Криштиану Роналду Португалия құрамасының сапынан кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы португалиялық футболшы Instagram парақшасында жазды.
— Ұлттық құраманың бас бапкері өткізген баспасөз мәслихатынан кейін және Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескен соң құраманың сапынан кету туралы шешім қабылдадым, — деп жазды Роналду.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


