
«Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы аясында оралған азаматтардың басым бөлігі радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінен мәлім етті.
– 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде құзырлы органдардың шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимылы нәтижесінде «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы сәтті жүзеге асырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ дін мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында қазіргі таңда репатрианттардың басым бөлігі радикалды көзқарастарынан бас тартты. Көбісі Қазақстанның дәстүрлі ислам бағытын ұстанады. Олардың арасында қоғамдағы радикалды діни және экстремистік көзқарастар мен идеяларды қабылдамау ахуалы қалыптасқан, – деді комитеттен агенттік сауалына орай.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


