Адам капиталын дамыту

Елдің болашағы туралы сөз болғанда, көбіне үлкен жобалар мен жаңа өндірістерді елестетеміз. Бірақ кез келген үлкен өзгерістің негізінде нақты адам тұр.

Жаңа технологияны меңгерген жас маман, ғылыми жоба жасап жүрген студент, жаңа кәсіп бастаған жас кәсіпкер немесе заманауи мамандық игеріп жүрген колледж студенті — бұлардың әрқайсысы елдің болашақ дамуына өз үлесін қоса алады.

Сондықтан Конституциядағы білім, ғылым, еңбек, прогресс және адам капиталын дамыту бағыттарын мен адамның өз мүмкіндігін арттыруымен байланыстырамын.

Білім алған сайын адамның таңдауы көбейеді. Біліктілік артқан сайын жаңа мүмкіндік пайда болады. Ал жаңа идея мен технология нақты іске айналған кезде оның пайдасы жеке адамнан асып, қоғамға әсер етеді.

Меніңше, елдің ұзақ мерзімді дамуы дәл осындай білімді, еңбекқор және жаңалыққа ашық адамдардың қалыптасуынан басталады.

Қазақстанның цифрлық кодексі

Қазіргі заманда елдің дамуы тек табиғи ресурстармен немесе өндіріс көлемімен өлшенбейді. Білімді адам, жаңа технология және кәсіби маман барған сайын маңызды бола түсуде.

Менің ойымша, осы тұрғыдан Конституциядағы адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны дамыту бағыттарының маңызы ерекше.

Бүгінгі студент ертеңгі инженер, дәрігер, мұғалім, бағдарламашы немесе кәсіпкер болуы мүмкін. Оның бүгін алған білімі мен меңгерген дағдысы ертең ел экономикасына қажет болуы ықтимал.

Сондықтан жастарға заманауи білім беру, IT мен жасанды интеллектіні меңгеруге мүмкіндік жасау, кәсіптік білімді дамыту — болашаққа салынған инвестиция деп қабылдауға болады.

Өзгеріп жатқан әлемде ең маңызды ресурс — жаңа білімді тез меңгеріп, оны нақты іске айналдыра алатын адам деп ойлаймын.

Ұлытау облысында 950 млн теңгенің марганец кенін заңсыз өндіргендер анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты. Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын пайдаланған.

Илон Маск Трамптың әкімшілігіне қайта оралып жатыр

АҚШ-тың қорғаныс министрі Пит Хегсет «Меридиан жобасы» деген жаңа жобаны іске қосты. Маск сонда болашақ соғыстар қалай болады, қалай жүргізіледі соны зерттейді. Оған бұрынғы саясаткер Ньют Гингрич пен әскери жасанды интеллект жасаушы Палмер Лаки көмектеседі.

Балалардан интимдік фото сұраған

Аталған жағдай Шымкентте болған. Ер адам желіде 10–12 жастағы балалармен танысқан. Ал өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кірген соң, мессенджерлер арқылы сөйлесуді жалғастырған. Ол онлайн ойын арқылы бір қызбен танысып, телефон нөмірін сұраған. Кейін WhatsApp арқылы хат алмасып, баладан интимдік фото-видео жіберуді талап еткен.

️Қазақстанда пойыз билеттері 10%-ға арзандайды

«Жолаушылар тасымалы» пойыз билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлады. Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.