
АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық технологиялық компаниялардың басшыларымен кездесуде АҚШ пен Қытайдың жасанды интеллектіні бірлесіп әзірлеу үшін ортақ компания құрмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай ынтымақтастық америкалық технологияларды Қытаймен бөлісуге әкелуі мүмкін.
Трамп АҚШ-тың қазір ЖИ саласында Қытайдан алда екенін айтып, бұл басымдықты сақтап қалу маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге екі ел ЖИ мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге және осы саладағы оқиғаларға байланысты түсініспеушіліктердің алдын алу үшін тікелей байланыс арнасын ашуға келісті.
Сондай-ақ Трамп мемлекеттік құжаттарда «жасанды интеллект» терминінің орнына «суперинтеллект» (Super Intelligence, SI) атауын қолдануды тапсырды.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway


