Жалған жөндеуші елорда тұрғындарын алдап кеткен

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қаскүнем кафе, компьютерлік клубтар мен дүкендерді аралап жүріп, өзін кондиционерлерді, бейне камераларды, ауа тартқыштарды жөндейтін маман ретінде таныстырып, жабдықтарды тексеріп жатқандай әрекет жасаған.

Ол әдейі және пайдакүнемдік ниетпен әрекет етіп, мекеме қызметкерлері мен иелерін адастырып, техникалық қызмет көрсетіп жатқандай көрініс қалыптастырған.

Жәбірленушілердің сеніміне кірген сәттен, олардың ірі ақшаларын ұсақ ақшаға айырбастап беруді ұсынып, ұсақ ақша өзінің автокөлігінде бар екенін айтып, сол жерде қашып кеткен.

Алаяқтың әрекеттерінен 18 адам зардап шегіп, жалпы сомасы шамамен 3 млн теңгені құраған шығын келтірілген. Ол қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.

Прокурор ұсынған дәлелдемелер негізінде сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді.

Сот үкімімен ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.  

Дереккөз: Астана қаласы прокуратурасы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp