Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінде №20 Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Егемен ел ертеңі – жас сарбаз» аясында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны болып өтті. Отанға деген сүйіспеншілікті арттырған алаңда мектеп оқушылары алғашқы әскери дайындық кезеңдері мен саптық жүріс бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жас қырандардың бойына отансүйгіштік рухты қалыптастыруды көздеген басқосу жайлы алдағы тілші сюжетінде.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





