
Оқиға Өскеменде болған. Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірі құлап, сегіз адам зардап шекті. Олардың төртеуі – жасөспірім.
Куәгерлердің айтуынша, көпір кенеттен үзіліп кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі дереу жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті.
Абырой болғанда, ауыр жарақат алғандар жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер көпірді қатты шайқап ойнаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: 24kz


