
Мұны Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Олардың мәліметінше:
- Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі;
- Екпе салу үшін қыздың өзінің немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі қажет;
- Вакцинаны мектептің медицина кабинеттерінде немесе тұрғылықты жері бойынша емханада салуға болады;
- Вакцинация қолда бар вакцина қоры есебінен жүргізіледі.
Қазір елде 11 жастағы қыздарды жоспарлы вакцинациялау, 12–13 жастағы қыздарды қосымша иммундау жалғасып жатыр. 1 мамырдағы мәлімет бойынша, елде 398 мыңнан астам доза вакцина салынған. Оның ішінде:
- 248 мың қыз алғашқы дозаны алған;
- 150 мың қыз екінші дозаны қабылдаған.
Вакцинадан кейін ауыр жанама әсерлер тіркелмеген.
Дереккөз: t.me/stankznews


