
Сенат бүгін таңертең ғана Қожа Ахмет Ясауи атындағы орденді бекітті.
Ал түстен кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оның алғашқы иесі атанды. Ол орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді.
Оған қоса Ердоған:
«Бұл орденді Түркия республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын», – деп айтты.
Дереккөз: t.me/stankznews


