Балаларға арналған заңсыз контенті бар 7 мың интернет-ресурс бұғатталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша 59 пункттен тұратын арнайы медиа жоспар әзірледі. Үкімет отырысында балалардың бос уақытын ақпараттық сүйемелдеу шаралары туралы бірінші вице-министр Қанат Ысқақов баяндады.

Елімізде 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – жалпы санының 34,6%-ы.

Үкімет алдағы оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлді

Биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Соңғы қоңырау сыңғырлады

25-мамыр оқушылар үшін мектеппен, ұстаздармен қоштасатын және жазғы демалысқа шығатын ерекше мерекелердің бірі. Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп Сарыағаш қаласында №3 Михаил Ломоносов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Білімім – Отаныма» атты соңғы қоңырау кеші болып өтті. Бұл күн еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтуде. Оқу жылын қортындылаған шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді.