Елімізде 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстанда 305 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Фото: PRIMEMINISTER.KZ

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім спортпен тұрақты айналысады. Бұл – жалпы санының 34,6%-ы.

Дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 45%-ға жеткізу міндеті қойылған. Елімізде 922 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді.

Оларда 305 мыңнан астам бала қамтылған. 526 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 400 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады. 16 облыстық мектеп-интернатта 6 441 тәрбиеленуші білім алуда.

Дереккөз: PRIMEMINISTER.KZ

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар