
Ұлттық банк мәліметінше, бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота. Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді атады:
- Елтаңба алтын түстес металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.
- Банкнота бетінде үзік-үзік пішінде монохромды қорғаныс жібі бар. Ол жарық түскенде бір тұтас жіпке айналады.
- Локальды су белгісінің қорғаныш элементі – электротип. Жарыққа тосқанда электротип белгісі номинал бейнесінде анық көрінеді.
Дереккөз: t.me/stankznews


