Отбасы банк ипотекасын қымбаттатты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

4 маусымнан бастап банк аралық қарыздар бойынша несие беру шарттарын өзгертеді. Енді бұрынғы бірнеше мөлшерлеменің орнына бірыңғай 8,5% жылдық мөлшерлеме енгізіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9-9,6% аралығында болады. 8,5% мөлшерлеме мына бағыттарға қолданылады:

  •  бастапқы тұрғын үй сатып алу;
  •  қайталама нарықтан баспана алу;
  •  жеке үй салу;
  •  жер телімін сатып алу;
  •  тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту;
  •  «Өз үйім» бағдарламасы;
  •  кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;

 «Әскери баспана» бағдарламасы. Аралық қарыз – тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинаған, бірақ тұрғын үй заемын алу үшін қажет 16 бағалау көрсеткішіне (БК) әлі жетпеген салымшыларға арналған ипотекалық өнім.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp