Газбен қамтылды

Республика күні қарсаңында Сарыағаш ауданындағы үш елді мекенге табиғи газ берілді. Сарысу, Тасқұдық және Құрсай ауылдарының тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізді. Жаңа жобаның аясында елді мекендерге 49,9 шақырым газ құбыры тартылған. Нәтижесінде, 248 абонент көгілдір отынмен қамтылды. Енді ауыл халқы табиғи газдың игілігін көріп, тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.

Ауқымды сенбілік

Бүгін сенбілік жұмыстарына келестік тұрғындармен қатар аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев та атсалысты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – табиғатты қоқыстан тазартып, ауыл көркін жақсарту. Іс-шараға аудан тұрғындарымен қатар қоғам белсенділері де қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

БАӘ-де мұнай төгілуіне байланысты барлық жағажай жабылды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Умм-әл-Қайуайн әмірлігінде танкерден мұнай төгілуіне байланысты жағажайлар мен жағалау аймақтары уақытша жабылды. Мұнайдан шыққан жағымсыз иіс көршілес Шарджа мен Аджман қалаларында да сезілген. Алайда билік өкілдері иістің тұрғындар денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан мен Оман арасында жаңа тікелей әуе рейстері ашылды

Қазақстаннан Оманның танымал курорттық қаласы Салалаға тікелей рейстер қатынай бастады. 24 қазанда Астанадан Салалаға алғашқы ұшақ ұшып, 140 жолаушыны жеткізді. Ал 23 қазанда Алматыдан осы бағыттағы алғашқы рейс орындалып, ұшақ толық жолаушымен ұшқан.

Келесте интернет мәселесі шешілуде

Келес ауданында интернет сапасына қатысты тұрғындардың өтініштері ескерліп, мәселені шешу жұмыстары басталған. Мемлекеттің қолдауымен 22 елді мекенге базалық станциялар орнату жоспарланып, қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Путин Украина және АҚШ-пен келіссөзді қайта бастауға дайын

Ресей президенті Украина және АҚШ-пен үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын. Путиннің пікірінше, болашақ келіссөздер уақытша бітіммен шектелмеуі керек. Негізгі мақсат – түпкілікті бейбіт келісім жасалғаннан кейін Ресей мен Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Еуропадағы жалпы қауіпсіздік мәселелерін де талқылау қажет.