Путин Украина және АҚШ-пен келіссөзді қайта бастауға дайын

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ресей президенті Украина және АҚШ-пен үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын. Путиннің пікірінше, болашақ келіссөздер уақытша бітіммен шектелмеуі керек. Негізгі мақсат – түпкілікті бейбіт келісім жасалғаннан кейін Ресей мен Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Еуропадағы жалпы қауіпсіздік мәселелерін де талқылау қажет.

Ресей басшысы Украина аумағын жоғалтады деген пікірталасты орынсыз деп атады. Ол Кремль бақылауына алуға ұмтылған Украинаның шығысындағы аймақты тарихи тұрғыдан Ресей жері деп санайтынын тағы да қайталады. Сондай-ақ, Еуропамен соғысу ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

Алайда келіссөздердің қайта басталуына дайындық соғыстың жақын арада аяқталатынын білдірмейді. Аумақтық мәселелер мен қауіпсіздік кепілдіктері тараптар арасындағы басты келіспеушіліктер болып қала береді. Қазақстан үшін бұл үдеріс өңірлік қауіпсіздікке, халықаралық саудаға және энергетикалық нарықтарға ықпал етуі мүмкін.

«Ғасырлар бойы Ресейге стратегиялық жеңіліс тілегендер өкінішке қарай, бүгінде де ондай адамдар бар, қазіргі заман шындығын түсініп, Ресеймен тату-тәтті өмір сүрген дұрыс екенін ұғады. Бұл олардың өз халықтарының мүддесіне сай келеді. Өйткені, Еуропаның өзінде болып жатқан саяси үдерістерге қарасаңыз, еуропалық халықтардың Ресеймен соғысқысы келмейтіні анық байқалады. Біздің сөзіміз естілсе деймін. Біз де мұны қаламаймыз, біз Еуропамен ешқандай соғысқа дайындалып жатқан жоқпыз», – деді Путин.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар