Алматыда қаржы пирамидасына 275 адам алданып, 217 млн теңгесінен қағылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген «R.O.I.» қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Пирамида азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Ол үшін үлестік жарна жинақтау шарттары жасалып, тұрғындардан ақша жиналған.

Еуропада газ бағасы ең жоғары деңгейге жетті

Еуропада табиғи газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Оған Ормуз бұғазы арқылы отын тасымалдау жақын арада қалпына келеді деген үміттің азаюы және Еуропада күннің суытуы туралы болжам әсер еткен.

Ұлттық мереке аталып өтті

25 қазан – Республика күні еліміздің барлық өңірінде ерекше салтанатпен аталып өтуде. Осыған орай, бүгін Келес ауданы Абай ауылында Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев және зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Қарияларға қуаныш сыйлаған орталық

Дарбаза ауылдық округінде зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға «Аялы алақан» Әлеуметтік кызмет көрсету орталығы ашылды. Сауықтыру орталығына бүгінде 150 қария тіркелген. Екі ауысыммен жұмыс істейді. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.