АҚШ-та әуе билеттері қымбаттады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ-та жанармай бағасының өсуі әуе билеттерін қымбаттатты. Бұл туралы Axios басылымы хабарлады.  

Қыркүйекте билет құны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға өскен. Баға осымен оныншы ай қатарынан көтеріліп отыр. Жанармайдың қымбаттауы әуе компанияларының шығынын да арттырды.  

Мәселен, American Airlines компаниясының жанармайға жұмсаған қаржысы 70 пайызға өсіп, 2 миллиард долларға жеткен. Шығынды азайту үшін тасымалдаушылар тиімсіз рейстерді қысқартып, қымбат санаттағы орындарды көбейтіп жатыр. Соның нәтижесінде Delta компаниясының қымбат билеттерден түскен табысы соңғы үш айда 20 пайызға артқан.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар