Полигоннан шприцтер, биоматериалы бар сынамалар және медициналық қалдықтарға толы қаптар табылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Батыс Қазақстан облысында полигоннан шприцтер, биоматериалы бар сынамалар және медициналық қалдықтарға толы қаптар табылды.

Қауіпті заттар Байқоныс ауылындағы қоқыс алаңынан анықталды. Қалдықтың бір бөлігі су айдыны маңына көмілген. Ауыл тұрғындарының шағымынан кейін елдімекенге полиция қызметкерлері мен санитарлық мамандар келіп, аумақ қоршалды. Зарарсыздандыру жұмысы жүрді.

Көмілген медициналық қалдықтың салмағы 144 келі тартқан. Тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар