Батыс Қазақстанда мектеп түлектері қайғылы жағдайда көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы маңындағы Сарыөзенде қайғылы оқиға болды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 9 маусым күні кешкісін сағат 18.25-те аудандық полиция бөлімінен 2009 жылғы екі және 2008 жылғы бір жасөспірімнің арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткені туралы хабар түскен.

Миллиардтық алаяқтық пен есірткі трафигі: ІІМ іздеудегі қылмыскерлерді қолға түсірді

Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 80 адам шетелде анықталып, олардың 47-сі ұсталды. Сонымен қатар республика аумағында шет мемлекеттердің бастамасымен іздеуде жүрген 371 адамның жүрген жері анықталды. Олардың 107-сі қолға түсті.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын өндірістік қуатын үш есеге және кірісін 12%-ға арттырды

Мемлекеттік қолдау шаралары еліміздің өнеркәсіп саласының дамуына серпін беріп, кәсіпорындардың нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде. Бүгінде өнеркәсіпорындары тарапынан технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетіктеріне сұраныс артып отыр. Бұл отандық кәсіпорындар үшін қаржылық жүктемелерін азайтып, өндірістік парктерін жаңартуға және жаңа желілерді іске қосуға мүмкіндік беретін маңызды ынталандыру құралына айналуда.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен Словения: ұзақ мерзімді серіктестіктің негізіндегі жасанды интеллект

Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев ЮНЕСКО қамқорлығымен Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық зерттеу Орталығының (IRCAI) Ашық білім беру ресурстары және ашық оқыту Департаментінің директоры Митя Ермолмен кездесті.