АҚШ Иранға тағы шабуыл жасады

Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы «ИКС» әлеуметтік желісінде хабарлаған. Вашингтон «бұл Тегеранның басқыншылығына қарсы қарымта» деді. Әуе соққыларының жасалғанын Иранның мемлекеттік телеарнасы да растады.

Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

Келес ауданы әкімшілігінің ғимаратында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынды өткізудегі басты мақсат – діни экстремизмнің алдын алу, заңнама талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметкерлердің дін саласындағы сауаттылығын арттыру болып табылады. Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

Келелі кездесу

Түркістан облыстық мәслихатына «Рауан» ЖШС тарапынан жолданған сауалдарға қатысты талқылау өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов төрағалық етті. Бүгінгі таңда актуалды тақырыптардың біріне айналған күн тәртібіндегі мәселе туралы алдағы сюжетте.

Жазғы сауықтыру маусымының салтанатты ашылуы

Балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және белсенді демалысқа арналған тамаша жазғы сауықтыру лагерьлері өз жұмыстарын бастады. Осыған орай, Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің, Тасқұлақ ауылында орналасқан «Балдаурен» сауықтыру орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Жиын барысында балалар бар өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты. Демалыс орнының 7 ауысым 10 күні жайлы толығырақ алдағы бейнесюжетте.

Ауданның даму көрсеткіштері

Депутаттық комиссия отырысында Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Көшпелі отырысқа Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, “Аmanat” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы мен аудан активтері қатысты. Уақытша депутаттық комиссия отырысы барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейі, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар кеңінен қаралды.

Пентагон Қытайдың алпауыт компанияларын қара тізімге енгізді

Пентагон Қытайдың алпауыт компанияларын қара тізімге енгізді.  Арасында Alibaba, Baidu, тіпті әлемдегі ең ірі автоөндіруші BYD секілді компаниялар да бар. Құрама Штаттар: «қытайлық бірлестіктермен жұмыс істегенде, тәуекелдерді ескеру қажет», – дейді. Өйткені Қытай әскерімен байланысы бар деген қауіп басым қазір. Былтыр Президент Трамптың шығыстағы көршімізге енгізген тарифтерінен нәтиже шықпады. Енді екі елдің арасында жағдай қалай […]

Қоқысты «жасанды интеллектімен» тазалаған қызметкер жұмыстан кетті

Ол Алматыдағы Бостандық ауданы әкімдігінде жұмыс істеген. Әкімдік тексеріс жүргізбеген. Себебі қызметкер жасаған әрекетін өзі мойындаған. Осыдан кейін ол жұмыстан босатылған. Қызметкердің бұл әрекетін желі қолданушылары байқаған.

Олжас Бектенов Сауд Арабиясының өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар әл-Хураифпен кездесті

2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 17%-ға артып, $11,7 млн-ды құрады. Биылғы қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,9 есеге өсіп, $6,1 млн-нан асты.