Эболадан көз жұмғандар саны жүзден асты

Фото: Скрин жасалды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола жұқтырғандар саны 598-ге жетті. Тағы 115 адамның өлімі тіркелген.

Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген кейінгі дерек. Сонымен қатар, қауіпті індеттен 19 науқас сауығып шыққаны белгілі.

Бұл тұста мамандар өлім-жітім деңгейі әлі де 50 пайызға жетуі мүмкін деп отыр. Қазір өңірде зертханалар көптеп ашылып, шалғай аудандарда бақылау күшейтілген. Ал гуманитарлық көмек арнайы әуе рейстері арқылы жеткізіліп жатыр.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/773480-eboladan-koz-zumgandar-sany-zuzden-asty

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар