Қытай 6G дәуіріне қадам басты: 5 миллион жаңа чип өндірілді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қытай 6G байланыс технологиясына арналған жаңа буын радиожиілікті чиптердің жаппай өндірісін жолға қойды. Аталған микросхемалар галлий нитриді негізінде әзірленген.

Мамандардың айтуынша, бұл материал қуаттылығы, жылдамдығы және энергия тиімділігі жағынан дәстүрлі кремнийден жоғары.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, өнеркәсіпке шамамен 5 миллионға жуық осындай чип жеткізілген. Жаңа буын әзірлемелері төмен орбиталы спутниктер, әуе платформалары, жерүсті станциялары және пайдаланушы құрылғылары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл болашақ 6G инфрақұрылымының негізгі элементтерінің бірі саналады.

Жобаны әзірлеушілер галлий нитриді негізіндегі микросхемаларды өндірудің толық циклі жолға қойылғанын хабарлаған. Яғни материалды дайындаудан бастап, жаппай өндіріске дейінгі барлық кезең бір өндірістік жүйе аясында жүзеге асырылады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам 6G байланыс технологияларын дамыту үдерісін жеделдетуі мүмкін.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/773536-kytaj-6g-dauirine-kadam-basty-5-million-zana-cip-ondirildi

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар