Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақ қаламгерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қытайдың белгілі жазушысы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Яньның қазақ қаламгерлерімен кездесуі өтті.
Сөмкеден табылған патрон

Елордада шығармашылық саламен айналысатын 22 жастағы жас жігіт салынып жатқан жеңіл рельсті көлік жүйесі ғимаратының жанынан бір патрон тауып алып, оны сөмкесіне салып қойған. Ол бұл затты түсірілімге арналған реквизит ретінде пайдаланбақшы болған, алайда кейін оны ұмытып кеткен.
Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда

Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда.
Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресті.
Португалия құрамасы Өзбекстанды 5:0 есебімен жеңді

Португалия ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытты. Есеп 6-минутта ашылды. Жуан Канселудың пасынан кейін Роналду мергендік танытты.
Қазақстан тарихта алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды

Қазақстан әлемдік спорт күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың тағы бірін қабылдамақ. 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты алғаш рет елімізде өтетін болды.
ІІМ: Адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынған

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды. Бұл талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңда көзделген. Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды.
Астанада тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Жалын Отырар көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен шыққан. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі мен зардап шеккендердің бар-жоғы әзірге белгісіз. Дереккөз: t.me/stankznews
Шымкентте қыз алып қашқан жігіттер сотталды

Іс бойынша үш адам сотталды. Олар күйеу бала мен оның екі досы. “Некеге мәжбүрлеу” бабы бойынша кінәлі деп танылған үш жігіт те 3 жылға сотталды.