ІІМ: Адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынған

Фото: POLISIA.KZ

1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды: ІІМ бетті жабуға қатысты норманы еске салды.

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салды. Бұл талап “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңда көзделген. Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Дереккөз: POLISIA.KZ

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар