Сөмкеден табылған патрон

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елордада шығармашылық саламен айналысатын 22 жастағы жас жігіт салынып жатқан жеңіл рельсті көлік жүйесі ғимаратының жанынан бір патрон тауып алып, оны сөмкесіне салып қойған. Ол бұл затты түсірілімге арналған реквизит ретінде пайдаланбақшы болған, алайда кейін оны ұмытып кеткен.

Бір жылдан кейін жігіт Алматыға ұшу үшін әуежайға келген. Тексеру кезінде патрон оның сөмкесінің қалтасынан табылған. Сот оны оқ-дәріні заңсыз иемденгені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеуге соттаған.

Іс бойынша жас жігіттің патронды мақсаты бойынша пайдаланбақ болғаны не оны басқа адамдарға бермек болғаны немесе өткізбекші болғаны анықталмаған. Одан қару табылмаған, ешқандай зиянды салдар туындамаған.

ҚК-нің 10-бабына сәйкес формалды түрде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар, бірақ маңызы жағынан болмашы, қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет қылмыстық құқықбұзушылық болып танылмайды.

Кассациялық сот әрекеттің қоғамға елеулі қауіп төндірмегендіктен, істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

Сот ешкімге зиян келмегенін, бір ғана патрон табылғанын және оны қылмыстық мақсатта пайдаланбақ болғаны дәлелденбегенін ескерді. Бас прокуратура кассациялық соттың ұстанымымен келісті.

Дереккөз: https://t.me/GenPr

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар