Елімізде енді шетелдіктер суррогат ана қызметін пайдалана алмайды

Сенат заң жобасын мақұлдады. Енді оған сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады. Қазір қолданыстағы заңда қажет шарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыпты мен суррогат ананың арасында жасалатыны көрсетілген.

Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды

Елде магнитудасы 7,1 болатын дүмпу тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Десе де олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апат салдарынан ғимараттар да қираған.

Ақпарат айдынының майталмандары

Жыл сайын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке – қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистер мен ақпарат саласы мамандарына көрсетілген құрмет. Ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген қаламгерлер ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға өз үлестерін қосып келеді. Бүгінде дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа қатар дамып, келе жатқан сала жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Берешекке бақылау күшейтілді

Сарыағаш ауданында бүгінде 63 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылған. Ауданның газ саласы мамандары тұрғындар арасында газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері кеңінен насихатталып, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріліп келуде. Сонымен қатар, мамандар табиғи газды тұтынатын кейбір абоненттердің төлем бойынша берешегі бар екенін айтып, қарызды уақытылы өтеу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Берешек өтелмеген жағдайда қандай шара қолданылмақ? Толығырақ, алдағы бейнематериалда.

БҰҰ-да Қазақстанның цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы жетістіктері таныстырылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жасанды интеллект жылы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті дамыту саласындағы жетістіктері таныстырылған жоғары деңгейдегі іс-шара өтті.

Дастан Сатпаев үздік әлемдік 10 сұрмерген қатарына қосылды

20 жасқа дейінгі үздік сұрмергендер: Ямаль – 56 гол (18 жаста); Эстеван – 40 гол (19 жаста); Эндрик – 40 гол (19 жаста); Райан – 31 гол (19 жаста); Иранкунда – 31 гол (20 жаста); Милошевич – 30 гол (20 жаста); Иленихена – 26 гол (19 жаста); Мартинес – 26 гол (20 жаста); Дастан Сәтбаев […]

Айдаладан полицейдің өртеніп жатқан денесі табылды

Оқиға Алматы облысы Кеген ауданында болған. Қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталды. Ол Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Аслан Әлсеров есімді 37 жастағы қызметкер.