«Алға, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақша сөйлеп, жанкүйерлерін қуантты

Әлемге әйгілі испаниялық поп-әнші Энрике Иглесиас Польшадағы концерт кезінде қазақ жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады. Польшадағы Гданьск қаласында өткен шоудан кейін сахна сыртындағы кездесуде қазақстандық жанкүйерлер әншіге елімізде кеңінен танымал шоколадты сыйға тартқан.

Елімізде енді шетелдіктер суррогат ана қызметін пайдалана алмайды

Сенат заң жобасын мақұлдады. Енді оған сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады. Қазір қолданыстағы заңда қажет шарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыпты мен суррогат ананың арасында жасалатыны көрсетілген.

Венесуэлада жойқын жер сілкінісі болды

Елде магнитудасы 7,1 болатын дүмпу тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Десе де олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апат салдарынан ғимараттар да қираған.

Ақпарат айдынының майталмандары

Жыл сайын 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке – қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистер мен ақпарат саласы мамандарына көрсетілген құрмет. Ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген қаламгерлер ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табуға өз үлестерін қосып келеді. Бүгінде дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа қатар дамып, келе жатқан сала жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.

Берешекке бақылау күшейтілді

Сарыағаш ауданында бүгінде 63 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылған. Ауданның газ саласы мамандары тұрғындар арасында газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері кеңінен насихатталып, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріліп келуде. Сонымен қатар, мамандар табиғи газды тұтынатын кейбір абоненттердің төлем бойынша берешегі бар екенін айтып, қарызды уақытылы өтеу қажеттігін айтып дабыл қағуда. Берешек өтелмеген жағдайда қандай шара қолданылмақ? Толығырақ, алдағы бейнематериалда.