
Егер жұмыстағы әріптесіңіз демалысқа шықса, ауырып қалса немесе басқа себеппен жұмысқа келмей, оның жұмысын сіз атқарсаңыз, жұмыс беруші сізге қосымша ақы төлеуге міндетті.
Бұған дейін көптеген компания мұндай төлемді жасамайтын. Себебі Еңбек кодексінде мұны төлемеуге мүмкіндік беретін норма болған. Енді бұл норма алып тасталды. Яғни бір адамның жұмысын қосымша атқарған қызметкерге міндетті түрде қосымша ақы төленуі тиіс.
Алайда заңда бұл төлемнің нақты мөлшері көрсетілмеген. Сондықтан оның көлемін жұмыс беруші мен қызметкер өзара келісіп белгілейді.
Ал кей сарапшылар бұл өзгеріске қарсы. Олардың пікірінше, әріптестің ауырып қалуы немесе демалысқа шығуы сияқты жағдайлар жиі болады. Сондықтан мұндай жағдайда жұмыс берушіні міндетті түрде қосымша ақы төлеуге міндеттеу бизнеске қосымша салмақ түсіреді.
Дереккөз: t.me/stankznews


