Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Грузия сыртқы істер министрліктері арасындағы жемісті өзара іс-қимыл, саяси диалогтың жоғары деңгейі, халықаралық аренадағы табысты үйлестіру, сондай-ақ сауда-экономикалық және көлік-логистика салаларындағы тығыз әріптестік ерекше атап өтілді.
Мүфтият мәһр мөлшерін нақтылады

ҚМДБ мәліметінше, мәһр – күйеу жігіттің қалыңдыққа өз еркімен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында оның ең төменгі мөлшері – 10 дирхам. Бұл шамамен 4,25 грамм алтынның немесе соған тең қаражаттың құнына сәйкес келеді.
Сенат соңғы пленарлық отырысын өткізді

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның қорытынды отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды және бірқатар маңызды заңдар мақұлданды.
Қазақстанда бір күнде 5 орман өрті тіркелді

Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бір күнде 5 орман өрті тіркелді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрттер 2026 жылғы 28 маусымда әртүрлі өңірлерде болған.
Солтүстікте ажырасу көрсеткіші жоғары

Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 5 жарым пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай. Мың адамға шаққанда некеге тұрудың жалпы коэффициенті 5-тен асып тұр. Отау құрған жастардың көбі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында тұрады. Өкінішке қарай ажырасу деректері де көбейіп барады. Биыл 4 айда 14 мың 700-ден астам ерлі-зайыпты некесін бұзған. Бұл көрсеткіш өткен жылдағыдан 7 жарым пайызға көп.
Қиранды астынан 11 жастағы бала аман табылды

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен соң Моисес есімді бала үйінді астында шамамен 70 сағат жатқан. Ведомство бұл оқиғаны «ғажайыпқа» теңеп, баланың аман табылуы құтқарушыларға үміт сыйлағанын мәлімдеді.
«Балаңызды оқуға түсіріп беремін»: Албанияға қашып кеткен алаяқ Қазақстанға жеткізілді

Бас прокуратураның мәліметінше, 2022-2023 жылдар аралығында күдікті интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау және жоғарғы оқу орындарына кепілді түрде түсу бойынша қызметтер көрсету туралы жалған мәліметтер таратқан.
Шағын ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды

Францияда парашютпен секіруге арналған жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бортындағы 11 адамның барлығы көз жұмды.
Ағын су – мол өнім

Егіннің бітік шығуы, ең алдымен, суға байланысты. Биыл Келес ауданында диқандар үшін қолайлы жыл болып, олар егіс алқаптарынан мол өнім алып, еңбектерінің жемісін көріп келуде. Сондай-ақ осындай шаруашылықтардың арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, ішкі нарық сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етілуде.
Спорт саласындағы жетістіктер

Жастарды зиянды әдеттерден алыстатып, спортқа баулу мақсатында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Осы орайда, «Келес» спорт клубы түрлі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және олардың жоғары жетістіктерге жетуіне қолайлы жағдай жасап келуде.